2022 жылдың желтоқсан айының 14і күні,
сағат 13;00 де 16 –желтоқсан Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 31 жылдығына орай мектебімізде «Туелсіздікке 31 жыл » атты «Жас Қыран» балалар ұйымына қабылдау салтанатты жиыны өткізілді.Жиынға оқушылар және ұстаздар қатысты. Тәрбие сағат 1986жылғы желтоқсан оқиғасында қаза тапқан құрбандарды еске алумен 1минуттық үнсіздікпен басталды.Желтоқсан оқиғасы жайында видио ролик көрсетіліп,оқушыларға таныстырылды.Даярлық тобы,1 және 2 сынып оқушылары тәуелсіздік жайында тақпақтар айтты.Және 3-4сынып оқушылары желтоқсан құрбандарына арнап арнау айтты.3-сынып оқушысы Шертай Кәусар «Желтоқсан желі»әнін орындады.« Жас қыран» ұйымына 3 ,4 сынып оқушыларынан 12 оқушы қабылданды. Ұйымға қабылданатын оқушылар бірауыздан ант қабылдады. Галстук тағу рәсімі құрметі мектеп меңгерушісі Нұржан Райхан апайға және бірлестік жетекшісі Конырбаева Гүлжан апайға берілді. Оқушыларға деген құттықтауын жеткізді.
Тәлімгер:Рахым М





